Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам екінші ай іздестіріліп жатыр

0
541

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялады.


Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам екінші ай іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысының полициясы хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамның мекенжайын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп жазады Polisia.kz.

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялады. Ол биыл 25 маусымда Талғар ауданының Бесағаш кентінде орналасқан "Петрол Азия" жанармай бекетінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 175-180 сантиметр, орташа денелі, көздері көк, шашы қара бұйра, аз ғана мұрты бар. Үстінде қара түсті джинсы, түсі ақшыл жейде, аяқтарында қара аяқ киім, алтын түсті жазуы бар қара қалпақ киген.

Полицейлер ақпарат бергендерге құпиялылық сақтауға кепілдік берілетінін айтты. Іздеу жарияланған адамның мекенжайы немесе ол туралы қандай да ақпарат білетін адамдар 8 ( 7282 ) 600-232, 600-233 телефондарына немесе Талғар АПБ-не 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласа алады.