Алматы облысында көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма өртенді

0
690

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы.


Алматы облысында көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма өртенді

ERNUR.KZ. Қаскелеңде дөңгелек қоймасы жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

9 сәуірде таңғы сағат 07.20-да Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөліміне Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қоймада (жалпы ауданы - 1600 шаршы метр) 700 шаршы метр алаңда автомобиль шиналары жанғаны туралы хабар түсті.

Өрт одан әрі 64 шаршы метр алаңдағы әкімшілік ғимаратқа тараған.

Оқиға орнына шақырудың жоғары ранг бойынша дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан он шақырым қашықтықта, өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 13.45-те 764 шаршы метр алаңда толық сөндірілді.

Өрт туралы кеш хабарлануы, сондай-ақ екпіні секундына 4-6 метрге жететін жел өрттің осынша үлкен аумаққа таралуына себеп болды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 1400 шаршы метр автомобиль шиналары бар қойма аман қалды.

Өрттің жеке тұрғын үйлерге көшу қаупі жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.