​Алматы облысында көпбалалы ана перзентханада қайтыс болды

0
1 262

Қайғылы оқиға әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды.


​Алматы облысында көпбалалы ана перзентханада қайтыс болды

ERNUR.KZ.Алматы облысы Талдықорған қаласының 29 жастағы тұрғыны босану кезінде қайтыс болды. Оның артында төрт баласы қалды, деп жазады NUR.KZ.

Қайғылы оқиға әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды.

Автор "Талдықорған қаласындағы перзентханада егіз бала туғаннан кейін, 1990 жылғы әйел қайтыс болды"деген жазба қалдырған.

Сонымен бірге, әйелдің артында төрт баласы қалғаны хабарланды.

Ақпаратты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

Олардың айтуынша, марқұм босануға дейін екі аптадан астам емделіпті.

"Жүкті әйел 15 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде емделді. Жағдайы тұрақты болған. Бірақ босану кезінде көп қан кетіп, соның салдарынан күрделі ота жасалды. Кенеттен жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен көмектесе алмады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүруде. Марқұм асқынып кеткен қауіпті тромбоэмболиядан қайтыс болуы ықтимал", - деді денсалық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.