Алматы облысында күдікті педофил өзіне қол салды

0
500

19 жастағы күдікті изоляторда асылып қалған.


Алматы облысында күдікті педофил өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы облысының Полиция департаменті 3- желтоқсанда Талғар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Желтоқсанның 5-і күні сағат 13:55 шамасында күдікті изоляторда асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды және тергеу шаралары жүргізілуде, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.