Алматы облысында "лауазымды шенеуніктердің туыстарына" заңсыз берілген жерлер қайтарылды

0
3 230

Ведомство өкілдері аталған жерлердің жылдар бойы өз мақсатымен қолданылмағанын мәлімдеді.


Алматы облысында

ERNUR.KZ. Алматы облысында прокуратура мемлекет басшылығының тапсырмасын орындау барысында құны 1,4 миллиард теңге болатын 114 мың гектар жерді қайтарды, деп жазады Stan.kz.

"Мысалы, Іле ауданында жалпы ауданы 1 743 гектар болатын 10 жер телімі қайтарылды. Бұл жерлер лауазымды шенеуніктердің туыстарына заңсыз берілен", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері аталған жерлердің жылдар бойы өз мақсатымен қолданылмағанын мәлімдеді. Мәдени дақылдар өсірілмеген, шаруашылықтарды ауыл шаруашылық малдары болмаған. Дегенмен бұл уақытта фермерлерге жайылымдық және егістік жерлері тапшы болған.

Қазіргі таңда қайтарылған жер телімдерін қоғамдық өріс ретінде қолданысқа беру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерлердің 1,5 гектары қоғамдық өріс ретінде рәсімделіп қойған. Бұл бағытта жұмыстар әлі жалғасып жатыр.