Алматы облысында медициналық мекеме басшылығы 2,1 млрд теңге жымқырған

0
479

Күдікті тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Алматы облысында медициналық мекеме басшылығы 2,1 млрд теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы мориториргі агенттігінің аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді.

«2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған», - делінген хабарламада.

Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Тергеу жалғасып жатыр, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп ескертті ҚМА өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.