Алматы облысында оқ тиіп, жараланған бала: Полиция аталған фактіні растады

0
244

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 4 мамырда Іле ауданында болғанын хабарлады.


Алматы облысында оқ тиіп, жараланған бала: Полиция аталған фактіні растады

ERNUR.KZ. Алматы облысында полиция қызметкерлері балаға оқ тиіп, жарақаттану фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп жазады Zakon.kz.


Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиға 4 мамырда Іле ауданында болғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған баланың оқтан жарақаттануына қатысты мән-жайларды анықтау үшін Іле аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс тіркелді. Денеге тиген оқ пневматикалық қаруға тиесілі екені анықталды", - деп хабарлады ПД.



Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп, жараланған 2011 жылғы баланың өмірін сақтап қалғандарынхабарлаған болатын.