Алматы облысында оқушы бала жүріп бара жатқан автобусты тоқтатып, жүргізушіні апаттан аман алып қалды

0
535

№219 бағыттағы автобус жүргізушісінің аяқ астынан жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған.


Алматы облысында оқушы бала жүріп бара жатқан автобусты тоқтатып, жүргізушіні апаттан аман алып қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасу ауылында сегізінші сынып оқушысы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған кезде автобусты тоқтатып, апаттың алдын алғаны жөнінде ақпарат тарады, деп жазады zakon.kz.

22 қарашада №219 бағыттағы автобус жүргізушісінің аяқ астынан жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған. Бағыттан ауытқыған автобус сол маңдағы үйлердің біріне соғылатын еді. Алайда оқушы бала автобусқа жүгіріп кіріп, дер кезінде тежегішті басып үлгерген.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта баланың есімі Ақжол екені және оның №24 лицейде оқитыны айтылған.