Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты

0
701

Оқиға 14 қыркүйекте болған.


Алматы облысында парашютпен секіру кезінде әскери қызметші қаза тапты

ERNUR.KZ Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде әскери қызметкер қаза тапты, - деп жазады Tengrinews.kz.


"Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.


Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын ол 50 шақты рет парашютпен секірген. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.
Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.


"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды", - дейді ведомство өкілдері.