Алматы облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

0
558

Жеңіл көлік жолаушысы ауруханаға жеткізілді.


Алматы облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты

ERNUR.KZ. Алматы облысында пойыз жеңіл көлікпен соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін көліктің жолаушысы қолының сынығымен ауруханаға түсті. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, деп жазады zakon.kz.

"Алматы облысының Бурундай – Түпік ТЭЦ-2 учаскесінде 1 маусым күні таңғы сағат 6:00-де көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Жүргізуші жедел тежегішті басқан. Вагондарды жөнелтуге жол берілмейді", - дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Темір жол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық.

"Кірме жолы ЖЭО-2-ге, тепловоз жеке меншікке тиесілі", - дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі - көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы.