Алматы облысында сотталған оқушылар аттестат алды

0
325

Мекеме жанындағы кешкі мектепте 9-11 сынып бітірген сотталғандарға аттестаттар салтанатты түрде берілді.


Алматы облысында сотталған оқушылар аттестат алды

ERNUR.KZ. Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты ЛА-155/8 мекемесінде 2020-2021 оқу жылдары 14 сотталушы орта білім алғаны туралы және 5 сотталушы толық емес орта білім алғаны туралы аттестат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме жанындағы кешкі мектепте 9-11 сынып бітірген сотталғандарға аттестаттар салтанатты түрде берілді.

«Пандемияға байланысты бұл оқу жылы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша өтті. 2020-2021 оқу жылдары білім беру саласында жоспарланған іс-шаралар күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес толық көлемде орындалды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кешкі мектепте штат бойынша жеті мұғалім және жеті көмекші мұғалім жұмыс істейді.