Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті

0
421

Алматы облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті.


Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында ерлі-зайыпты тау өзенін атпен кешіп өтпек болған, бірақ қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шықты, әйелі батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға 18 маусым күні Райымбек ауданында болған. Текес өзенін атпен кешіп өтеміз деген екі адамды қатты ағыс алып кетті. Ер адам атымен бірге судан шықты. Бірақ әйелін құтқара алмады.
"47 жастағы әйел көз жұмды. Денесі өзеннің төменгі жағында ағашқа ілініп қалған. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Полицейлер тексерісті бастады", - дейді Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақан.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, ерлі-зайыпты таулы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.
Алматы облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті.