Алматы облысында тауда адасып кеткен үш адам құтқарылды

0
523

Олардың екеуі шетелдік.


Алматы облысында тауда адасып кеткен үш адам құтқарылды

ERNUR.KZ. 23 наурыз түнде Бартоғай су қоймасы аумағында Франция мен Бельгия азаматтары адасып кеткен, деп жазды inbusiness.kz.

Олар жол талғамайтын көлікпен саяхатқа шыққан, алайда жолда көліктері бұзылып қалған. Шетелдіктер адасып, құтқарушыларға хабарласуды ұйғарған.

Олардың бірі GLONASS спутниктік жүйесі арқылы SOS дабылын жіберді. Қос азаматты Республикалық жедел құтқару жасағы Алматыға алып кетті. Сол күні кешке Көкжайлауда жоғалып кеткен жігітті құтқарушылар іздеп тапты. Жас жігіттің аяқ-қолын үсік шалған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ата-анасына тапсырылды.