Алматы облысында тойдағы қырғын төбелес видеоға түсіп қалды

0
674

Жаппай төбелестің барлық егжей-тегжейі мен мән-жайы, сондай-ақ барлық төбелеске қатысушылар анықталуда.


Алматы облысында тойдағы қырғын төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп жазады zakon.kz.

Қырғын төбелестің видеосы Instagram-да жарияланды.


Мерей саяжайы. Үндістанда әр төбелес бимен аяқталады, ал бізде әр би төбелеспен аяқталады. Іле ауданы, делінген видеоға берілген түсінік жазбада.

Алматы облыстық полиция департаменті хабарланғандай, қазіргі уақытта Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл фактіге қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Междуреченск ауылындағы жаппай төбелестің барлық егжей-тегжейі мен мән-жайы, сондай-ақ барлық төбелеске қатысушылар анықталуда. Осы уақытқа дейін полицияға бұл факт бойынша ешкім арызданған жоқ, дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған ешкім болмаған. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.