​Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалған оқушының өлі денесі табылды

0
1 544

Баланың денесі Үштөбе қаласындағы Қаратал өзенінің жағасынан табылды.


​Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалған оқушының өлі денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматы облысында 29 маусымда жоғалған Иса Бекбаевтың өлі денесі табылды. 13 жастағы оқушының мүрдесін сот-медициналық сараптамаға алып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, баланың мәйітін жергілікті тұрғын өзен жағасынан кездейсоқ көріп қалған.

«Баланың денесі Үштөбе қаласындағы Қаратал өзенінің жағасынан табылды. Мәйітті сараптама жасау үшін мәйітханаға алып кетті», - деді А.Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні жоғалған. Ол досымен балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.

13 жастағы баланы облыс құтқарушылары 16 күн бойы іздеп, жұмыстары нәтиже бермеген еді. Сол себепті баланы іздеу тоқтатылғаны жөнінде оның ата-анасына ресми хат арқылы хабарланған. Бірақ баласы «Қаратал өзеніне ағып кетті» дегенге сенбеген ата-ана облыстық ІІД-ге арнайы барып, басшылығынан іздеуді кешенді түрде жүргізуді сұрады. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын қайта жалғастырған болатын.