Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан күдікті ұсталды

0
1 523

Жалған ақшаны дайындайтын жасырын цех Талғар қаласында жұмыс істеп келген.


Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысты деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Қазір 1989 жылғы күдіктінің үстінен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жалған ақшаны дайындайтын жасырын цех Талғар қаласында жұмыс істеп келген. Оқиға орнынан EPSON маркалы түрлі-түсті көшіру аппараты, қағаз кесуге арналған станок, түрлі бояулар және жалған ақша купюраларының үлгілері тәркіленді.

Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіндегі қызметкерлердің мәліметінше, Алматы облысының сауда орындарында осы жалған ақша қаражатын өткізу фактілері анықталған. Енді күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.