Алматы облысында жасөспірім бір топ оқушыны көлікпен қағып кеткен

0
999

Оқиға 21 қыркүйекте Нарынқол ауылында болған.


Алматы облысында жасөспірім бір топ оқушыны көлікпен қағып кеткен

ERNUR.KZ. Алматы облысында көлікке заңсыз отырған жасөспірім 10-сынып оқитын бір топ қызды қатты жылдамдықпен келіп қағып кеткен, деп жазады Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте сағат 18:41-де Райымбек ауданы Нарынқол ауылында болған.

«Полиция бөліміне 15 жастағы кәмелетке толмаған баланың «Subaru» маркалы көлігінде келе жатып рөлді басқара алмай, тротуарға шығып кеткені, артынша бір топ жаяу жүргіншіні қаққаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылғы алты кәмелетке толмаған бала зардап шекті, олардың бесеуі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Аталған дерек ҚР Қылмысиық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

«Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелетке толмаған жасөспірім өзінің ағасының көлігін ескертпестен дүкенге айдап шыққан. Оқиғаның тергеу барысы менің бақылауыма алынды», - деді Б. Әленов.