Алматы облысында жігітті тас басып қалған видео пайда болды

0
331

Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.


Алматы облысында жігітті тас басып қалған видео пайда болды

фото видеодан алынған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде үлкен тас жігітті басып қалған сәт түсірілген видео таралды. Төтенше жағдайлар департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілердегі танымал топтарда, Двач ресейлік танымал Telegram-арнасында жарияланды.

Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

"Бұл 2 жыл бұрын, 2019 жылғы жазда Алматы облысының Текелі ауданында болған. Жігіт аман-есен, қазір Новосибирскіде оқиды", - деді видео авторы Төтенше жағдайлар департаментінің өкіліне.

Құтқарушылар бұл факт бұрын ТЖД мен Алматы облысының басқа мемлекеттік органдарына хабарланбағанын айтты.