Алматы облысында жоғалған 21 жастағы қыз өлі күйінде табылды

0
697

Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.


Алматы облысында жоғалған 21 жастағы қыз өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Тәртіп сақшылары бір тәулік бойы жоғалып кеткен 21 жастағы қызды іздеді. Қыздың денесі жазық даладан табылды, деп жазады kaz.nur.kz.

Құқық қорғау органдарыны мәлім еткендей, жақында туыстары 21 жастағы Алматы облысы тұрғынының жоғалып кеткенін хабарлап, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Алайда, өкінішке орай, жоғалған қыз бір тәуліктен кейін өлі күйінде табылды.

Қыздың денесі 21 тамызда Еңбекші ауданындағы Өрнек ауылының сыртынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Полиция "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.