Алматы облысында жол бойында шашылған жануарлардың сүйегі жұртты шошытты (видео)

0
2 506

Жергілікті жұрт, енді ол жерлерде қаңғыған иттердің ордасына айналады деп қауіптенеді.


Алматы облысында жол бойында шашылған жануарлардың сүйегі жұртты шошытты (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғындары жолдың жағасына шашылған жануарлардың сүйегін көріп шошуда, деп жазады Stan.kz.

Белгісіз хайуандардың сүйегі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Жануарлардың қалдықтары Көлді ауылының маңындағы жол бойында шашылып жатқан көрінеді. Автор әлдебіреулер жол жиегіне жаунарлардың сүйегін тастап кеттті дейді. Болжам бойынша жануарлардың тушалары ірі қаранікі болуы мүмкін.

Жергілікті жұрт, енді ол жерлерде қаңғыған иттердің ордасына айналады деп қауіптенеді. Бұл жағдай жайлы аудандық шенеуніктер де естіп үлгерген. Олар қоқыс төғіп кеткендерді іздеп жатқандықтарын жеткізді.