Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екені белгілі болды

0
434

Қазан айының басында Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынғаны хабарланған еді.


Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екенін айтты, деп жазады inform.kz.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Соған байланысты мән-жайды толық айтуға болмайтынын білесіздер. Мен ол жерге өзім бардым. Егіз қызды да, отбасының басқа балаларын да көрдім», - деді ол.

Уәкіл бұл іс бойынша қыздардың әжесі ұсталғанын еске салды.

«Оқиғаның себебі анықталып, күдіктілер ұсталды. Қыздар қазір бала құқығын қорғайтын орталықта. Яғни, Балаларды қорғау орталығында», - деді Динара Зәкиева.

Еске салсақ, қазан айының басында Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынғаны хабарланған еді.