Алматы облысындағы құйынның видеосы жұрттың үрейін қашырды

0
430

Жер полюстері ауысып жатыр, деп пікір жазған желі қолданушылары.


Алматы облысындағы құйынның видеосы жұрттың үрейін қашырды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде ағаштарды құлатқан құйынның видеосы тарап жатыр. Кадрлар жұрттың үрейін қашырды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Белгісіз адамдардың мәлімдеуінше, құйын Алматы облысы Райымбек ауданында болған.

"Жер полюстері ауысып жатыр", "Сұмдық, Құдай сақтасын", "Ақырзаман жақындады", - деп пікір жазған желі қолданушылары.




Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері биыл мұндай дауыл болмағанын хабарлады.

"Видео соңындағы құлаған ағаштар расымен біздің ауданда, былтыр шілдеде түсірілген. Ал бас жағындағы құйынның видеосы монтаждалған болуы керек. Еске салайық, 2020 жылы 3 шілдеде сағат 17:00-де Ойқарағай сілемінде дауыл болды. Салдарынан 32,7 куб метр Шренк шыршасы зақымдалды. Кейінірек құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді", - деп мәлімдеді Райымбек ауданы баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 2020 жылы 2 мамырды Түркістан облысы Ордабасы ауданы Аққойлы ауылында құйын болған еді.