Алматы облысының Райымбек ауданында қарақат пен таңқурай өсіретін шаруашылық құрылды

0
1 319

Полтшадан әкелінген көшеттер келер жылы өнім береді.


Алматы облысының Райымбек ауданында қарақат пен таңқурай өсіретін шаруашылық құрылды

ERNUR.KZ. Шаруашылық иелері Қақпақ ауылының жоғарғы жағынан 400 гектар жер алып, көктемде 1400 түп таңқурай мен 3500 түп қарақат еккен, деп жазады «Хабар 24».

Көшеттер Польшадан әкелінді. Шетелдік жеміс-жидек түрі Хан Тәңірінің баурайындағы түгін тартсаң майы шығатын Нарынқол өңіріне жерсініп, қазір түбінен жас өскін жібере бастады. Ол келер жылы өнім береді. Оны көршілес Қытай Халық Республикасы мен Еуропа елдеріне экспорттаймыз дейді мамандар. Шаруашылық әзірге 37 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

- Көшеттің бәрін отырғызып біттік. Қазір тамшылатып суару әдісімен суғарып жатырмыз. Насос қойылды. Жұмыстар солай, арамшөптерін өлтіріп жатырмыз, - дейді шаруашылық бригадирі Мәди Шитебаев.

Самат Сатылғанов, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов аталған жоба аудандағы жұмыссыздықты азайту мәселесіне, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, олардың жеке табыстарының ұлғаюына септігін тигізіп жатқанын атап өтті.

- Бұл кісілер жекелеген мамандар болмаса негізгі жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан қамтып отыр. Болашақта плантациялар толық өз қуатымен жұмыс істей бастаған кезінде 150-200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, көзделіп отыр, - дейді ол.