Алматы облысының тұрғыны күтпеген жерден көлікте босанып қалды

0
871

Қазіргі уақытта ананың жағдайы қанағаттанарлық.


Алматы облысының тұрғыны күтпеген жерден көлікте босанып қалды

ERNUR.KZ. Қалада жеке шаруасын тындыруға келген Алматы облысының тұрғыны күтпеген жерден көлікте босанып қалды, деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ана мен баланың жағдайын бақылауға алды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше әйелдің толғағы көлікте отырған кезінде келген.

"Жедел жәрдем диспетчеріне көлікте әйелдің көлікте толғатып жатқаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем келгенге дейін ол көлікте босанып қалған. Мамандар бригадасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес барлық қажетті медициналық көмек көрсетті", - деді ведомство.

Жаңа туған нәрестесі бар әйел №1 қалалық перзентханаға жеткізіліп, барлық қажетті медициналық көмек жасалған. Қазіргі уақытта ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Салмағы үш келіден сәл асатын бала балалар бөлімінде инвазивті емес желдетуде жатыр. Дәрігерлер атап өткендей, нәрестенің жағдайында қауіп жоқ.