Алматы облысының тұрғыны таулы аймақтан есірткі жинаған

0
1 611

Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізген.


Алматы облысының тұрғыны таулы аймақтан есірткі жинаған

ERNUR.KZ. "Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы "Торайғыр" тауында есірткі жинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазады Тengrinews.kz.

Анықтау барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені және бұған дейін осыған ұқсас әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 350 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин бар.