Алматы орталығында шыққан өрт оқшауланды

0
697

Өрт сөндірушілер Панфилов көшесінің бойындағы, Назарбаев 124 мекенжайында төрт қабатты ғимараттан шыққан өртті оқшаулады.


Алматы орталығында шыққан өрт оқшауланды

Алматыда Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Өрт сөндірушілер Панфилов көшесінің бойындағы, Назарбаев 124 мекенжайында төрт қабатты ғимараттан шыққан өртті оқшаулады.

Мәлімет бойынша, пәтерлер жалдамалы болған. Барлық тұрғын эвакуацияланды. Өрт сағат 16.40-та оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды үрейлендіргені хабарланған болатын. 17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалған. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.