"Алматы – Петропавл" бағытындағы Тальгоның кестесі өзгереді

0
395

14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында пойыз күн сайын емес, күнара жүреді.


ERNUR.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сы 105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарына байланысты "Алматы-2 – Петропавл" бағытындағы пойыздың жол жүру жиілігі өзгеретінін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында пойыз күн сайын емес, күнара жүреді. Жүру кестесі:
Алматыдан қаңтар айында - тақ күндері, ақпан/наурыз айларында - жұп күндер бойынша;
Петропавлдан қаңтар айында - жұп күндер бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша.
Жолаушылар тоқтатылған рейстерге билет алып қойса, оның ақшасын теміржол көлігімен тасымалдау ережелері бойынша қайтаруға болады.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.