«Алматы-Петропавл» тальгосының рейстер саны уақытша қысқарады

0
692

Пойыз бұрын күн сайын жүретін болса, енді күн ара қатынайды.


«Алматы-Петропавл» тальгосының рейстер саны уақытша қысқарады

ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ №105/106 Алматы-Петропавл пойызының жүру жиілігіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

“2023 жылдың 14 қаңтары мен 6 наурызы аралығында тасымал жиілігі өзгереді. Пойыз бұрын күн сайын жүретін болса, енді күн ара қатынайды. Бұған тальгодағы жөндеу жұмыстары себеп болған.
Пойыздың қатынау жиілігі төмендегідей:
-Алматыдан қаңтар айында тақ күндері, ақпан/наурызда жұп күндері жүреді.
-Петропавлдан қаңтарда – жұп, ақпан/наурызда – тақ күндері жүреді.«Тоқтатылған рейстерге жол жүру құжатын бұрын рәсімдеген жолаушыларға жолаушыларды, багажды, жүкті және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес билет құны толық қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздық туындағаны үшін кешірім сұрайды”,
- делінген хабарламада.