Алматы полицейлері электрсамокат мінеді

0
2 268

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.


Алматы полицейлері электрсамокат мінеді

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері электрсамокатпен қатынайды. Жаяу патрульдер заманауи қозғалыс құралдарымен жабдықталады, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов Алматы полицейлері жаз мезгілінен бастап электрсамокаттармен қатынауы мүмкін деп мәлімдеді.

"Жазғы уақытта біз саябақ, сквер және жаяу жүргіншілер аймақтарында күзетті күшейтуді жоспарлап отырмыз. Соған байланысты тағы 50 жаяу жасақ құру ойда бар. Сондай-ақ, жаяу патрульдерді электрсамокатпен жасақтауды жоспарладық.
Сонымен қатар, көшедегі кептеліс жағдайында қылмыс немесе жол көлік оқиғасы болған жерге шақыру бойынша уақытылы келу мәселесі қаралды. Оны шешу үшін патрульдік полиция қызметкерлерін мотоцикл көлігімен жабдықтауды ұсынамыз", - деді Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы полицейлері үшін соңғы нұсқадағы жаңа бейнебақылау құрылғылары сатып алынған.