Алматы полициясы күшейтілген режімге көшті

0
1 123

1,4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Алматы полициясы күшейтілген режімге көшті

Иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда жалпы республикалық «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған іс-шаралар 6 наурызға дейін жалғасады, деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

«Осы күндері Алматы полициясы қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген режімге көшті. Айта кетейік, өткен тәулікте қалада «ізін суытпай» 61 қылмыс және бұрын істелген 18 қылмыс ашылды. Оның ішінде тонау, бұзақылық, есірткі заттарын саудалау, бөтен адамның мүлкін ұрлау, зорлау, алаяқтық, заңсыз қару сақтау, көлік айдап әкету бар. Сонымен қатар іздеу жарияланған 5 адам ұсталды», - деп атап өтті Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.

Бұдан бөлек, полицияның хабарлауынша, құқықбұзушылық жасағаны үшін 1,4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішіндегі ең жиі кездесетіндері - ұсақ бұзақылық пен қоғамдық жерде спирттік ішімдіктер ішу.

Айта кету керек, бір күнде жеке секторда 78 заңсыз мигрант табылған. Оның 24-і сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылды. Атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың барлығы еліміздің ең ірі қаласындағы криминогендік ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, деп атап өтті полицияда.