Алматы полициясы метро вагонына жабысқан блогерді іздестіріп жатыр

0
659

Видео авторы пойыздың арт жағындағы тіркемесіне жабысып алып, келесі стансаға дейін жетіп алған.


Алматы полициясы метро вагонына жабысқан блогерді іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда метро вагонының артқы жағынан жабысып алып жүрген адамға қатысты шара қолданылады, деп жазады zakon.kz.

Видео авторы пойыздың арт жағындағы тіркемесіне жабысып алып, "Алмалы" стансасынан бастап "Абай" стансасына дейін жеткен."Метрополитен" МКК баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Жолаушыларға қызмет көрсететін кезекші бұл кезде қарама қарсы платформада кеткен жолаушыларды шығарып салып тұрған. Осы уақытты пайдаланып блогер пойызға жабысып алып кетіп қалған. Қауіпті эксперимент видеокамераларға түсіп қалды", - деді баспасөз қызметінен.

"Метрополитен" МКК бұл дерекке қатысты полицияға шағымданды.

- Қазіргі уақытта полиция басқармасының Метрополитендегі қызметкерлері осы қылмыскерді ұстауға жұмылдырылған, оның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Ол заң бұзғаны үшін міндетті түрде жауапқа тартылады, - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.