Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесін тексеріп жатыр

0
461

Бұл туралы Сенат отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.


Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесін тексеріп жатыр

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты журналистердің сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір, менің білуімше, Алматы қалалық ІІД тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады", – деді спикер.

Еске сала кетсек, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген ресейліктермен кездесуінде қазақ тілі туралы жағымсыз пікір айтып, елдің ашу-ызасына тиген еді. Нәтижесінде көптеген қазақстандықтар оған қатысы бар компаниялардың қызметін пайдаланудан бас тартты. Қоғам белсенділері оны жазалауды талап етті.