Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

0
1 203

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті.


Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн», деп ескертті департамент өкілдері.

Сел қаупі бар жерде не істеу керек:

  • таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
  • егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
  • сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.
«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін», деп хабарлады ведомстводан.

Бүгін Алматыда қатты нөсер жауды. Жаңбыр суы қала көшелерін алып кетті.

12-13 тамыз Кіші Алматы өзендері алабында қатты жауын-шашынның түсуіне
байланысты сел қалыптасу қаупі бар.

2023 жылғы 12-13 тамызда Алматы облысында, Алматы қаласы және оған іргелес аумақтарда жауған және жалғасып жатқан нөсер жаңбырға байланысты беткейлерде ағынды сулардың пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі, арнасынан тасуы және су басуы күтілуі мүмкін.