Алматы тұрғындары науқастарды жедел жәрдем көлігіне көтеріп апаруға мәжбүр

0
643

Шағымданушылардың айтуынша, Өжет шағын ауданындағы Хасен Оралтай көшесіндегі жол 30 жылдан бері жөнделмеген.


Алматы тұрғындары науқастарды жедел жәрдем көлігіне көтеріп апаруға мәжбүр

ERNUR.KZ. Алматыдағы Өжет шағын ауданының тұрғындары жол сапасының нашар болуы салдарынан жедел жәрдем көліктеріне науқастарды көтеріп алып баруға мәжбүр, деп жазады Stan.kz.

Шағымданушылардың айтуынша, Өжет шағын ауданындағы Хасен Оралтай көшесіндегі жол 30 жылдан бері жөнделмеген.

"Сіз жедел жәрдем шақырасыз, ал көліктер басқа көшеде тоқтап, одан әрі жүруге тәуекел етпейді. Ал біздің көшеде мүгедектер көп тұрады. Оларды жедел жәрдем көлігіне көтеріп апару керек. Кейде осы жерге жедел жәрдем келіп, кептеліп қалатын, сосын біз машинаны көше бойына итеріп жіберетін едік", - деді ықшамауданның тұрғыны Гүлгана Адаева.

Белгілі бір себептермен бүкіл ықшамаудандағы Хасен Оралтай көшесі ғана ешқашан жөнделмеген екен.

"Мысалы, Фрунзеде асфальт бірнеше рет салынды. Жоғары қабатын алып, қайта төседі. Басқа көшелер - Әуезов, Комсомольская - қайта жөнделуде. Бізде бұрынғыша қалды. Қанша төзуге болады? Біз де адамдар сияқты өмір сүргіміз келеді", - деді тұрғын Айгүл Тілеубаева.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ертіс Бесіров бұл жерде жөндеу жұмыстары 2021 жылдың көктеміне жоспарланғанын мәлімдеді.

"Жобалық-сметалық құжаттама дайындалды, конкурс өткізілді, мердігер анықталды", - деп сендірді ол.