Алматы тұрғыны 7 миллион теңгеге жалған жолдама сатып алған

0
589

Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген.


Алматы тұрғыны 7 миллион теңгеге жалған жолдама сатып алған

ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғыны жеті миллион теңгеге туристік жолдама сатып алған, - деп жазады Tengrinews.kz.

2019 жылдың қазанында әйел адам туристік компанияның директорына жолдама сатып алу үшін келген. Алайда оған бұған дейін дайындалып қойған электрон билеттердің жалған квитанциясы берілген.

"Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады", - дейді Медеу аудандық № 2 сотының өкілдері.

Іс материалдарын зерттеп, сот әйел адамды алаяқтық ісі үшін кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Сот процесі WhatsApp және Zoom бағдарламаларының көмегімен онлайн-режимде өткен.