Алматы тұрғыны Досаевқа шағымын айтты

0
522

Бостандық ауданының тұрғыны Ерболат Досаевпен кездесуде жәндіктер және олармен күресу әдістері туралы айтты.


Алматы тұрғыны Досаевқа шағымын айтты

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны әкімге қандаланың қаптап кетуіне қатысты шағымын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Бостандық ауданының тұрғыны Ерболат Досаевпен кездесуде жәндіктер және олармен күресу әдістері туралы айтты.

"Ауладағы ағаштар неліктен ақталмайтын болды? Әктің бактерицидтік қасиеті бар ғой. Бізде ешқашан ағаш қандаласы болған емес. Қазір барлық жерде қаптады. Салдарынан ағаштың қабығы құриды. Біз шешім қабылдауымыз керек, онсыз да түнгі сағат 2-де адамдарға ескертусіз өңдеу жүргізіледі. Қандала өлгенімен, адамдар сол ауамен дем алады ғой", - деді тұрғын.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бір кездері әктеу ағаштарды өңдеудің тиімді әдісі болған. Өкінішке қарай, климат қана емес, жалпы қаланың экожүйесі өзгерген.

"Қала ағаштарды өңдей алмайды, өйткені өсімдіктерді қорғау және карантин институты ақтауға кеңес бермейді. 2016 жылдан бастап ағаштарды өңдеуде әк қолданылмайды. Бүгінгі күні осы мақсат үшін биологиялық өнімдер қолданылады. Биыл шілде-тамыз айларында өңдеудің тағы екі кезеңін жүргіземіз. Ол кесте бойынша түнде өткізіледі. Өңдеуді жүргізу туралы ескертуге келсек, қала тұрғындарын құлақтандыруды күшейту қажет. Әрбір ПИК, МИБ-тің чаты бар, мен оларға чаттар арқылы өңдеудің уақыты туралы ақпарат жіберуге тапсырма беремін", - деді әкім.