Алматы тұрғыны өз үйінде марихуана өсірген

0
1 022

Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Алматы тұрғыны өз үйінде марихуана өсірген

ERNUR.KZ. Алматыда өз үйінде марихуана өсірген ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Күдікті Тоқтаров көшесіндегі үйінде марихуана өсірумен айналысқан.
Техникалық нормаларға сай өсірілген 16 түп марихуана, өндірісте қолданылатын құрал-жабдық тәркіленді.
Сонымен қатар үйдің ас бөлмесінен 5,45 мм және 7,62 мм калибрлі екі патрон табылды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу басталды.