Алматы урбанистика басқармасы экс-басшысын қамауға алу мерзімі ұзартылды

0
774

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі қамауға алу мерзімі ұзартылғанын растады.


Алматы урбанистика басқармасы экс-басшысын қамауға алу мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Алматы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі қамауға алу мерзімі ұзартылғанын растады.

"Алматы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына қатысты бұлтартпау шарасы өзгерген жоқ. Қамау мерзімі ұзартылды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Антикор.

Скриншот/Жоғарғы сот сайтынан

Еске сала кетейік, бастапқыда Ахмеджанов 16 қыркүйекке дейін қамауға алынған. Кейін қамауға алу мерзімі бір айға, қазанға дейін ұзартылды. Енді қамауға алу мерзімі 16 қарашаға дейін ұзартылған.

Айта кетейік, Жоғарғы Соттың Сот кеңсесі мәліметінше, іс 9 қазанда Алматы қаласының тергеу сотында қаралған.