Алматыда 1 қаңтардан бастап «Сергек» камералары іске қосылады

0
878

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Алматыда 1 қаңтардан бастап «Сергек» камералары іске қосылады

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мегополис көшелерінде 400 жаңа камера іске қосылады.

«Бұл камералар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды. Әсіресе жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талаптарын орындамау, аялдама ережелері немесе тоқтау ережесін бұзу, сонымен қатар қоғамдық көлік жолағына шығып кету сияқты ереже бұзылған жағдайды тіркейді», - делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.