Алматыда 12-қабаттағы пәтерге тонауға түскен "альпинист" ұры ұсталды

0
444

Түркістан облысынан келген 34 жастағы ер адам өнеркәсіптік альпинистік құрал көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонап келген.


Алматыда 12-қабаттағы пәтерге тонауға түскен

ERNUR.KZ. Алматыда "альпинист" ұры қолға түсті, деп жазады tengrinews.kz.

Түркістан облысынан келген 34 жастағы ер адам өнеркәсіптік альпинистік құрал көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонап келген.

"Күдікті ұсталғанға дейін Асқаров көшесіндегі 21 қабатты үйдің 12-қабатында орналасқан пәтерлердің біріне "кірген". Ол арқанмен шатырдан түсіп, терезені сындырып, тұрғын үйге кірген. Терезенің ар жағындағы бейтаныс адам көрші пәтерлердің тұрғындарының күдігін тудырмаған: олар терезе жуушы жұмыс істеп жатыр деп ойлаған. Күдікті бөтеннің пәтерінен 3 миллион теңге болатын үй иесінің мүлкін жымқырған. Біраз уақыттан кейін оны қаланың криминалдық полициясы, Әуезов аудандық полиция басқармасы және полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері ұстады", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша ("Ұрлық") тіркелген қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар, оның ішінде өндірістік альпинизмге арналған құрал-жабдықтар тәркіленіп, тіркелген. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.