Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

0
397

Оны туыстары мен еріктілер іздеп жатыр.


Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еріктілердің мәліметінше, Ардақ Маманбаева 2 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Бостандық ауданындағы Гагарин даңғылы, 311 А мекен-жайынан шығып, сол күйі оралмаған. Сол күні ол капюшоны бар қоңыр жемпір мен қоңыр шалбар киген, аяғында сұр кроссовка болған.

Қыздың бойы 165 см, орта денелі, шашы қара, ұзын, алдыңғы бір бөлігі жасыл түске боялған. Сондай-ақ Ардақтың есту, көру қабілеті нашар.

Еріктілер қыз баланы көрген-білгендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: +7 701 375 9291; +7 705 105 3131; немесе 102.