Алматыда 15 желтоқсаннан бастап карантин күшейтіле ме? Бекшин жауап берді

0
1 178

Егер маска режимі мен қашық сақталмаса, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда біз шараларды қатаңдатуға мәжбүр боламыз, деді Бекшин.


Алматыда 15 желтоқсаннан бастап карантин күшейтіле ме? Бекшин жауап берді

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 15 желтоқсаннан бастап карантинді күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Барлығы азаматтардың эпидемиологиялық ережелерді сақтауына байланысты. Егер маска режимі мен қашық сақталмаса, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда біз шараларды қатаңдатуға мәжбүр боламыз. Бірақ 15-14 желтоқсанда карантин қатаңдатылады деген әңгіме болған жоқ. Бұл біздің бірлескен жұмысымызға - билік пен халыққа байланысты. Иә, шаршадық, бірақ шараларды сақтау керек", - деді Бекшин.


Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Алматының "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы деректері бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір "жасыл" аймақта.