Алматыда 2050 теңге тұратын сиыр етін қайдан сатып алуға болады

0
753

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін жүйелі шаралар жалғасатын болады.


Алматыда 2050 теңге тұратын сиыр етін қайдан сатып алуға болады

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда 2050 теңге тұратын сиыр етін қайдан сатып алуға болатынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін жүйелі шаралар жалғасатын болады.

Оған жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен Magnum және Toimart желісінде барлық әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлар (19 түрі) төмендетілген бағамен сатылып жатыр.

Қала басшысының айтуынша, екі желіде көкөніс бағасы нарықтық бағадан 30-50%-ға, ет өнімдері 10-15%-ға, азық-түлікке 10-30%-ға төмен.

"Жұлдыз", "Орбита", "Тау-Самал", "Арыстан" және "Тастақ" базарларында ет сататын дүкендер іске қосылды, онда сиыр еті әр кг үшін 2050 теңгеден сатылады.