Алматыда 25 жастағы азамат 3 баланы өрттен аман алып қалды

0
980

Баланы анасы терезеден лақтырған.


Алматыда 25 жастағы азамат 3 баланы өрттен аман алып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 25 жастағы азамат 3 баланы өрттен аман алып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«11 наурыз күні сағат 18-21-де Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Жетісу ауданының Бірінші май көшесіндегі екі қабатты жеке меншіктегі жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт алдымен бірінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Артынан ғимараттың шатырын шарпып, 80 шаршы метр аумақ өртенген»,-деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 18-53-те ауыздықталып, 19-15-те толықтай сөндірлді. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 32 адам және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Көршілес үйдің тұрғыны үш адамды өрттен аман алып қалды.

«1994 жылы туған Дүйсен Нұрқанат 2013 және 2016 жылы туған екі баланы екінші қабаттағы түтін басқан бөлмеден алып шықты. 2018 жылы туған үшінші баланы анасы терезеден лақтырған. Нұрқанат оны сырт киімімен тосып алды»,-деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері.