Алматыда 3 баланы көлік қағып кетті

0
1 003

Оқыс оқиға 18 қыркүйек күні таңертең Ұлжан шағын ауданында орын алған.


Алматыда 3 баланы көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда мектептің жанынан кетіп бара жатқан 3 баланы көлік қағып кетті, деп жазады baq.kz.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 қыркүйек күні таңертең Ұлжан шағын ауданындағы Тәкежанов көшесінің бойында болған.

Зардап шеккен үш бала жедел жәрдем каретасы арқылы балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына жеткізілді.

«Балаларды мультидисциплинарлы хирургтардың бригадасы қарап шықты. Іш құрылыстарына ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, травматикалық жарақаттардың жоқтығы анықталды. Жамбастың, омыртқаның бел аумағына рентгенография жасалды. Тексеру нәтижесінде сүйектің травматикалық зақымданулары анықталмады. 2013 және 2014 жылғы екі балаға іш құрылысы органдарының зақымдануы деген диагноз қойылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Үшінші баланы қарап тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді.