Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

0
646

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан.


Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

4 наурызда Алматы қаласында тағы да жер сілкінді, деп жазады ERNUR.KZ.

Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек)

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV, магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша) Алматы 5 балл”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.

“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат жеткізіледі”, – деді Атығаев.