Алматыда 51 жастағы әйел егіз сәби дүниеге әкелді

0
734

Қыз бала 2589 грамм, ұл бала 2345 грамм болып дүниеге келген.


Алматыда 51 жастағы әйел егіз сәби дүниеге әкелді

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өте сирек жағдай 51 жастағы әйелдің егіздерді дүниеге алып келгені туралы мәлімдеді. Әйел бұған дейін ұзақ жылдар бойы сәбилі бола алмаған, деп жазады stan.kz.

№2 перинаталдық орталық директорының орынбасары Қымбат Әбдірайымова әйелге кеш жүктілікке жасанды ұрықтандырудың (ЭКҰ) көмектескенін алға тартты. Айтуынша, босанған әйел орталыққа жоспарлы түрде жатқызылып, тиісті дайындық шараларынан кейін кесарь тілігі жасалған.

"Ота асқынусыз сәтті өтті. Қыз бала 2589 грамм, ұл бала 2345 грамм болып дүниеге келді. Бақытты ана өзін жақсы сезінеді. Егіздер дүниеге сап-сау болып келді", – деді Қымбат Әбдірайымова.

Операциядан кейін ана мен сәбилер босанғаннан кейінгі бөлімнің акушерлері мен жаңа туған нәрестелер бөлімінің неонатологтарының бақылауында болды. Ал төрт күннен соң жағдай тұрақты, шағым жоқ, көрсеткіштері қалыпты болған соң үйлеріне шығарылды.

"Сезімдерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жүкті болуға тырысқан 50 жылым ақыры нәтиже берді. Мен жасанды (in vitro) ұрықтандыру (ЭКҰ) процесін мұқият тексеріп, барлық ықтимал қауіптерді анықтағаннан кейін бастадым. Бұл кезеңде қиындықтар туындады және жүктілік үшінші IVF әрекетінен ғана пайда болды. Менің жасымда жүктілік кезінде созылмалы аурулардың туындауы және өршуі, сонымен қатар егіз жүктілікке байланысты асқынулар жиі туындайды. Бұл екі есе қиын. Бірақ мен балалы болуды армандадым. Ана болу бақытын бұйыртқан құдайға мың да бір шүкір. Медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын. Олардың қосқан үлесі баға жетпес. Ақ халатты абзал жандарға рахмет", – деп бөлісті егіздердің анасы.