Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды

0
426

Олар базардан сатып алған «Палач» атты қандала улайтын инсектицидті пәтерге сепкен.


Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда үйіндегі қандаланы дәрімен улаған анасы мен ұлы иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

«1 желтоқсан күні қалалық ауруханаға 1952 жылы туған әйел мен 1987 жылы туған жігіт жеткізілді. Диагнозы – тыныс жолдарының жәндіктерді өлтіретін құралдан улануы. Уытты энцефалопатия. Қазіргі таңда пациенттер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Тиісті ем-шара жүргізілуде», - деп мәлім етті Алматы қаласы тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Соңғы мәліметке сенсек, 30 қараша күні олар базардан сатып алған «Палач» атты қандала улайтын инсектицидті пәтерге сепкен.

Қазіргі таңда департамент тиісті іс-шараларды жүргізіп, аталмыш құралды зертханада тексеруден өткізуде. Көршілерден сұрақ-жауап алынды. Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет