Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды

0
111

196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды.


Алматыда 800-ге жуық шетелдік ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда «Заңсыз» жедел алдын алу шарасы аяқталды, деп жазады almaty.tv.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген рейдтер нәтижесінде 794 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылған.

«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, қабылдаушы жақтың жеке және заңды тұлғалары арасында Қазақстан Республикасының 168 азаматына айыппұл салынды, сонымен қатар 56 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», - дейді Алматы қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, қабылдау бөлімдеріне жеке куәлігі жоқ 336 шетелдік азамат тіркелді. 196 шетелдік соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру фактілері бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шараның мақсаты - өзара іс-қимылды күшейту, заңсыз көші-қон жолдарын анықтау, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту фактілері туралы ақпарат алмасу екені айтылады.

«Жалпы алғанда, жедел алдын алу шарасы аясында жеке құрылыс алаңдары, базарлар, тамақтану орындары, оқу орындары, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін қолдану ықтималдығы жоғары жаңа ғимараттар сынақтан өткізілді», - дейді полициядағылар.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет