Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды

0
580

Бұған дейін телеграм-арналарда 2023 жылы 30 маусымда Алматы қаласындағы Байзақов көшесінде ер адам оқ тиіп, қаза болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.


Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы адамды атып өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін телеграм-арналарда 2023 жылы 30 маусымда Алматы қаласындағы Байзақов көшесінде ер адам оқ тиіп, қаза болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейін полицейлер басқа адам өлтіру дерегі үшін халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.

Алматы полициясы бұл ақпаратты растады.

"Алматы Полиция департаменті бейтаныс адамды аңшылық шолақ мылтықтан атып өлтірген 1991 жылы туған И. ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстың алдын ала себебі - кенеттен туындаған жанжал. Басқа мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.